Алматыдан 623 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 623 км қашықтықта жер сілкінді
Сурет: A1Plus

Зілзаланың ошағы Қытай аумағында орналасқан.

Сейсмикалық стансалар желісі 21 қазан күні Алматы уақытымен сағат 06:12-де болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің мәліметі бойынша, зілзаланың энергетикалық класы 11.2. Магнитудасы MPV 3.9. Бағыты 44.16° с.е. 84.31° ш.б. жатыр. Тереңдігі 5 км.