Алматыдан 598 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 598 км қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөз

Тереңдігі – 10 км

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 30 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 23.45-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.8

MPV магнитудасы – 4,9.

Тереңдігі – 10 км.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ.