Алматыдан 582 шақырым қашықта жер сілкінді

Алматыдан 582 шақырым қашықта жер сілкінді
Сурет: Inbusiness.kz

Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 582 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

26 қазан күні 23 сағат 47 минутта болған жерасты дүмпуін ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.5, магнитудасы – 4.6. Бағыты 43.06° с.е. 84.°4 ш.б. жатыр. Тереңдігі – 15 шақырым.