Алматыдан 532 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 532 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сурет: 24.kz

Алматыдан шалғайда жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 13 қазан күні 12 сағат 2 минут 44 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 532 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 11.0. MPV магнитудасы - 4.5. Координаттары: 41.69° с.е. 83.04° ш.б.

Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.