Алматыдан 443 шақырымда жер сілкінді

Алматыдан 443 шақырымда жер сілкінді
Сурет: Нalyq-uni.kz

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,8. Тереңдігі 15 шақырымға жеткен.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 443 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында, Шыпагер-Ата маңында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалары Астана уақытымен 09.21-де (03.21 Гринвич) жер сілкінісін тіркеді.