Алматыдан 396 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 396 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Inform.kz

Жерасты дүмпуінің тереңдігі - 5 шақырым жерде

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 17 қараша күні Алматы уақытымен 17 сағат 17 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 396 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9; магнитудасы – 5,2. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.