Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Fedriansyah

Бұл жер Қазақстан мен Қытайдың шекарасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпан сағат 08.46-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2, магнитудасы MPV 4,7, тереңдігі 15 шақырым.

Бір күн бұрын Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркеліп, Шымкент пен Таразда 2-3 балдық жер асты дүмпулері сезілген. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан батысқа қарай 628 шақырым жерде, Ақшығанақ пен Темірлан елді мекендерінің арасында болған.