Алматыдан 327 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 327 км қашықтықта жер сілкінді
сурет:sputnik.kz

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 327 км қашықтықта орналасқан.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 06.49-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 327 км қашықтықта Қытай аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9,4. MPV магнитудасы – 4,0. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ.