Алматыдан 320 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 320 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Тengrinews.kz

Зілзала ошағы Қытай аумағында орналасқан.

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша сағат 13.06-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5. MPV магнитудасы 3,9. Тереңдігі 15 шақырым болды.