Алматыдан 264 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 264 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Tengrinews.kz

Жер асты дүмпуі сағат 11-дің кезінде сезілген.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты  "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 23 қараша күні сағат 11:06-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 264 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 8.1.

MPV магнитудасы – 3.5.

Эпицентрінің ошағы 44.60° с.е 79.58° ш.б.

Тереңдігі 15 км.

Сезілуі туралы ақпарат жоқ (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.