Алматыдан 253 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 253 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Inform.kz

Магнитудасы MPV 4.1.

Бүгін Алматы уақыты бойынша 15 сағат 34 минутта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 253 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.9. Магнитудасы MPV 4.1. Тереңдігі 35 км. MSK-64 шкаласы бойынша ақпарат жоқ.