Алматыдан 25 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 25 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөзі

Зілзаланың MPV магнитудасы - 4,2

Бүгін Алматыда сағат таңғы 04:12 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

Зілзаланың MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.