Алматыдан 174 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыдан 174 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Сурет: Мassaget.kz

Сілкініс ошағы 10 км тереңдікте жатыр.

17 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 14:18-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «SOME» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 174 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.3.

MPV магнитудасы 4,5.