Алматыдан 167 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 167 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Cурет: Inform.kz

Зілзаланың тереңдігі 20 шақырым

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қазан күні 21 сағат 17 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 167 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 8.4. MPV магнитудасы - 3.5. Координаттары: 44.07° с.е. 78.60° ш.б. Тереңдігі - 20 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.