Алматыдан 133 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 133 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Sibreal.org

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.5. MPV магнитудасы - 3,9.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісінде сағат 11:20-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 133 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.5. MPV магнитудасы - 3,9. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 42.82° с.е. 78.46° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ.