Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Cурет: Inform.kz

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.3

Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 14:46-да Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 125 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.3. Магнитудасы MPV 4.1. Эпицентрінің бағыты 42.14° с.е. 76.40° ш.б. Тереңдігі – 20 км. Жер сілкінісінің сезілуі бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) келіп түскен жоқ», - делінген хабарламада.