Алматыдағы лаңкестерден тазартылған аймақтар

Алматыдағы лаңкестерден тазартылған аймақтар
Сурет: Time.kz

Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 237 қатысушысы ұсталды

Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта  лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығының ақпаратына сілтеме жасап.

 31 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 428 оқ-дәрі тәркіленді.

 Блок-посттарда 38 адам ұсталды.

 «102» басқару пультіне небәрі 608 хабарлама келіп түсті.
 
Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін  253 дабыл түсті.

 Барлық хабарламалар өңделді.