Алматыдағы Журналистер алаңы жаңартылады

Алматыдағы Журналистер алаңы жаңартылады
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.    

Биылғы жылы екі скверді жаңарту жұмыстары аяқталады, оның ішінде Оқушылар сарайы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің жанындағы скверлер бар. Субұрқақтар жаңартылып, жарық пен шағын сәулеттік нысандар орнатылды. Келесі жылы Мемлекеттік музейдің оңтүстігінде Журналистер алаңын, ондағы суару жүйесін жаңарту жұмыстарын бастау жоспарланған.

Маусымда өткен кездесу барысында "Алатау" шағынауданында скейт-парк жасау мәселесі көтерілді. Жұмыстар Ибрагимов көшесіндегі сквердің құрылысы кезінде, яғни 2023 жылдың II тоқсанында жүргізіледі. 

Бұдан басқа, қазіргі уақытта «АлматыБасЖоспар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің желісі бойынша көшелер мен қоғамдық кеңістікті жаңартуға қатысты бірнеше жоба пысықталуда. Пушкин көшесін, Достық даңғылын әл-Фарабиге дейін, Қазыбек би көшесін және т.б. көшелерді реконструкциялау жоспарланып отыр (тақтатас төсеу, көгалдандыру, автоматты суару, орындықтар, қоқыс жәшіктерін, жарықтандыру тіректерін, шағын сәулеттік нысандар орнату).