Алматыдағы жылу орталықтарының тозығы жеткен

Алматыдағы  жылу орталықтарының тозығы жеткен
Сурет: Newtimes.kz

Энергетика министрлігі ЖЭО-лардың техникалық аудитін аяқтады.

Қаламыздағы 3 бірдей ЖЭО осы тізімде тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Техникалық аудит нәтижесіне сай тозу деңгейі бойынша жылу электр орталықтарының рейтингі әзірленді.

Жабдықтың тозу деңгейі бойынша ЖЭО рейтингі:

1.Арқалық ЖЭО (жабдық 95,4%-ке тозған, ЖЭО 1963 жылы пайдалануға берілген);

2.Орал ЖЭО (95,3%-ке тозған, 1960 жылы пайдалануға берілген);

3.Кентау ЖЭО (92,7%-ке тозған, 1952 жылы пайдалануға берілген);

4.Қызылорда ЖЭО (88,5%-ке тозған, 1975 жылы пайдалануға берілген);

5.Тараз ЖЭО (87,2%-ке тозған, 1952 жылы пайдалануға берілген);

6.Степногор ЖЭО (81,7%-ке тозған, 1966 жылы пайдалануға берілген);

7.Қарағанды ЖЭО-2 (79,7%-ке тозған, 1961 жылы пайдалануға берілген);

8.Павлодар ЖЭО-2 (77,6%-ке тозған, 1961 жылы пайдалануға берілген);

9.Алматы ЖЭО-3 (77,0%-ке тозған, 1962 жылы пайдалануға берілген);

10.МАЭК-Қазатомөнеркәсіп ЖЭО-2 (76,4%-ке тозған, 1968 жылы пайдалануға берілген);

11.Рудный ЖЭО (76,0%-ке тозған, 1961 жылы пайдалануға берілген);

12.Алматы ЖЭО-1 (74,9%-ке тозған, 1935 жылы пайдалануға берілген);

13.Павлодар ЖЭО-1 (74,3%-ке тозған, 1964 жылы пайдалануға берілген);

14.Риддер ЖЭО (71,5%-ке тозған, 1956 жылы пайдалануға берілген);

15.МАЭК-Казатомөнеркәсіп ЖЭО-1 (70,9%-ке тозған, 1962 жылы пайдалануға берілген);

16.Өскемен, Согра ЖЭО (70,0%-ке тозған, 1947 жылы пайдалануға берілген);

17.Балқаш ЖЭО (69,3%-ке тозған, 1937 жылы пайдалануға берілген);

18.Алматы ЖЭО-2 (67,1%-ке тозған, 1980 жылы пайдалануға берілген);

19.Жезқазған ЖЭО (67,1%-ке тозған, 1952 жылы пайдалануға берілген);

20.Қарағанды ЖЭО-3 (66,0%-ке тозған, 1977 жылы пайдалануға берілген);

21.Текелі ЖЭО (65,2%-ке тозған, 1959 жылы пайдалануға берілген);

22.Қостанай ЖЭО (64,0%-ке тозған, 1943 жылы пайдалануға берілген);

23.Қарағанды ЖЭО-ПВС (62,0%-тозған, 1959 жылы пайдалануға берілген);

24.Петропавл ЖЭО-2 (54,7%-ке тозған, 1951 жылы пайдалануға берілген);

25.Атырау ЖЭО, АМӨЗ ЖЭО (54,2%-ке тозған, 1962 жылы пайдалануға берілген);

26.Павлодар ЖЭО-3 (51,2%-ке тозған, 1973 жылы пайдалануға берілген);

27.Астана ЖЭО-2 (49,1%-ке тозған, 1979 жылы пайдалануға берілген);

28.Семей ЖЭО (46,2%-ке тозған, 1934 жылы пайдалануға берілген);

29.Ақтөбе ЖЭО (41,5%-ке тозған, 1986 жылы пайдалануға берілген);

30.Қарағанды ЖЭО-1 (41,1%-ке тозған, 1960 жылы пайдалануға берілген);

31.Екібастұз ЖЭО (37,5%-ке тозған, 1973 жылы пайдалануға берілген);

32.Астана ЖЭО-1 (31,2%-ке тозған, 1971 жылы пайдалануға берілген).

Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы 2023-2024 күзгі-қысқы кезеңге сәтті дайындалу үшін мына шараларды қолға алу қажет екенін мәлімдеді:

жөндеу жұмыстарын қажетті көлемде қаржыландыру;

жоспарланған жөндеу жұмыстарының көлемін, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар бойынша қысқартуға жол бермеу;

энергия көздерінде отынның және қосалқы бөлшектердің нормативтік қорын жасау;

қызметкерлермен апатқа қарсы жаттығулар өткізу.