Алматыдағы жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды

Алматы полициясы қаладағы жаппай төбелеске қатысты түсінік берді
Ведомствоның хабарлауынша, төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталған. Оқиғаға қатысушылардың бірі ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігі бойынша тіркеліп, Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр".Алматы полиция департаменті
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.