Алматыдағы Түрксіб ауданында кейбір үйде ыстық су уақытша болмайды

Алматыдағы Түрксіб ауданында кейбір үйде ыстық су уақытша болмайды
Cурет: Ашық дереккөз

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС Түрксіб ауданының тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласының Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектеледі.

23 мамырдан 27 мамырға дейін мына көше контурларында:
Лисаковская-Волочаевская-Береке-Айша-Бибі;

Таштитова-Хабаровская-Свердловская-Орджоникидзе.

30 мамырдан 27 маусымға дейін мына көше контурында:
Огарева-Қалмаржын-Ахметова-Закарпатская.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу болуына байланысты шектеулер енгізілді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.