Түнгі клубта есірткі сатушы құрықталды

Түнгі клубта  есірткі сатушы құрықталды Сурет: Polisia.kz

Ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық мефедрон есірткісін сатып жүрген 27 жастағы ер адам ұсталды.



«Біздің бөлімшенің жедел қызметкерлері мен полицияның арнайы жасағы таңғы сағат үште арнайы іс-шара жүргізді. Күдікті қамауға алынды. Біздің мәліметіміз бойынша, түнгі клубқа келіп жүрген 27 жастағы Р.есімді азамат есірткі таратумен айналысқан», – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Күдіктіні тінту барысында ашық-сұр түсті ұнтақ түріндегі синтетикалық заты бар бума табылды. Қоспа тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді.


Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297 бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелген. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42