Алматыдағы тергеу изоляторына Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары барды

Алматыдағы тергеу изоляторына Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары барды Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №72 мекемесіне Алматы қаласы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары барып, жазасын өтеушілерді ұстау жағдайымен танысты.


Топ құрамындағы К.Абдыхалықов, С.Елькеев және Е.Асанов мекеме аумағын аралап, тергеу тұтқынындағылармен әңгімелесті. Сондай-ақ тексерушілер тергеудегі кәмелеттік жасқа толмағандармен және әйелдермен де жүздесіп, олардың өтініштерін тыңдады. Шаруашылық қызметіндегі сотталғандардың тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz ақпаратынша, Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары сотталғандардың арыз-шағымын қабылдайтын терминалдарды тексерді. Тексеру барысында ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Тергеу тұтқынындағылар мен сотталғандарға ас әзірлейтін және азық-түлік сақталатын орындарда болған олар күнделікті ас мәзірін де назардан тыс қалдырған жоқ.


Олармен жұмыс істейтін психологтармен де кездесіп, жазалы адамдармен өткізілетін психологиялық жұмыстарға да назар аударды. Алматы қаласы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары тарапынан тергеу изоляторындағы тұтқындар мен сотталғандарды ұстау жағдайына объективті баға берілді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04