Алматыдағы студенттер жатақханасы мәселесіне қатысты министр мәлімдеме жасады

Алматыдағы студенттер жатақханасы мәселесіне қатысты министр мәлімдеме жасады
Сурет: Facebook/Саясат Нұрбек

Жұмыстарға Алматы қаласы әкімдігі де атсалысып жатыр

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындары студенттерінің жатақханаларға орналасу мәселесі министрліктің назарында екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қымбатты достар, студенттер, ата-аналар! Орынбасарым Куаныш Ергалиев пен жастар ісі бойынша кеңесшім Айсұлу Ерниязова Алматыдағы жатақханаларды аралап, жағдайды жіті бақылайды. Бұл шараға барлық БАҚ өкілдерін, қоғам белсенділерін де шақырдық. Шыны керек, жоғары оқу орындары көп шоғырланған ірі мегаполистерде жатақхана тапшылығы жылда туындайтын мәселе. Оны шешу үшін үкімет тарапынан Жеке меншік серіктестік жобасы арқылы кәсіпкерлер де тартылғанын білесіздер. Ал, жағдайды тез арада реттеу үшін министрлік тарапынан ЖОО басшыларына хостелдермен және қонақүйлермен келіссіөз жүргізуді ұсынған болатынбыз», - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, жұмыстарға Алматы қаласы әкімдігі де атсалысып жатыр.