Алматыдағы спорт клубының жобасына қатысты түсініктеме

Алматыдағы спорт клубының жобасына қатысты түсініктеме
Сурет: Ашық дереккөзі

Ұсынылған құжаттамаға сәйкес клубтың жобалық қуаты 400 адамды құрайды

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жобалармен жұмыс департаментінің директоры Евгений Мецгердің спорт клубының жобасын іске асыруға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2020 жылғы 2 қарашада «Алматы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға (бұдан әрі – Алматы ӘКК) инвестор – «Спорттық күресті дамыту қоры» ҚҚ «Шамиль Серіков атындағы балалар спорт клубы» жобасын іске асыру үшін жер учаскесін бөлу туралы өтінішпен жүгінді.

Ұсынылған жоба аясында 3 жеке жекпе-жек залы, спорт залы, киім ауыстыратын бөлме, күрес, гимнастика, йога, кроссфит және басқа да фитнес бағдарламаларын (WRESTLINGKID, WRESTLINGFIT, WRESTLING GYM) іске асыратын әрі душ кабиналары бар жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метр болатын металл конструкциялардан ангар үлгісіндегі ғимарат салу жоспарланған еді. Сонымен қатар,  ғимараттта кафелер, демалыс орындары және басқалар ашылады деп жоспарланған.

Ұсынылған құжаттамаға сәйкес клубтың жобалық қуаты 400 адамды құрайды. Бұл ретте, жоба әлеуметтік нысана ретінде  салынатындығына қарамастан, «Халықтың әлеуметтік осал топтары» (ХӘОТ) санатына жататын адамдарды қолдауға бағытталған квотаны тұрақты негізде ұсыну келушілердің небәрі 2,5%-ын (кемінде 10 адам) құрайды. Қаржылық модельге сәйкес абонементтердің болжамды сатылымы айына 15000 теңгеден 1500 бірлікті құрайды. 60%-дық жүктемені ескере отырып, сату көлемі айына 900 абонементті құрайды, бұл жобаның коммерциялық құрамдас бөлігінің айтарлықтай басымдылығын және әлеуметтік маңызының шамалы екенін ( тиімділігін) көрсетеді. Сондай-ақ, бизнес-жоспарда балаларды спорт секцияларына тегін қабылдау бойынша әлеуметтік міндеттемелерді іске асыру туралы ақпарат көрсетілмеген.  

Жер учаскесінің өзіне келетін болсақ, Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы қаулысымен Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Жетісу-3 шағын ауданы мекенжайында орналасқан «Ш. Серіков атындағы балалар спорт клубы» үшін нысаналы мақсаты бар жалпы ауданы 0,15 га (15 акр) жер учаскесі бөлінген. 

  2021 жылғы 1 қарашада Алматы ӘКК уәкілетті алқалы органы қордың ӘКК-ден 5 жыл мерзімге жер учаскесін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдаланудың сатып алынған құқығын сатып алу шартымен 15 117 408 теңге құны бойынша «Спорттық күресті дамытудағы балалар клубының құрылысы» қорымен бірлескен жобаны іске асыру туралы шешім қабылдады (көрсетілген мерзім өткеннен кейін, жер учаскесін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану құқығын кадастрлық құны бойынша жеке меншікке учаскені сатып алу). Сондай-ақ, құнға Алматы ӘКК-нің 1 752 375 теңге мөлшеріндегі сыйақысы (5 жылға учаскені жалға алудың жалпы сомасының 15%) енгізілді.
 
2021 жылғы 7 желтоқсанда Алматы ӘКК қордан Алматы ӘКК сыйақысын, сондай-ақ учаскенің өзін өткізу құнын қолдану бөлігінде қабылданған шешіммен келіспейтінін білдіріп хат (2021 жылғы 7 желтоқсандағы №21) жолдады.

Өз іс-әрекеттерінде Алматы ӘКК Қазақстан Республикасы Заңының (Мемлекеттік мүлік туралы Заң) 34-бабын басшылыққа алды, оған сәйкес өткізілетін/сатып алынатын мүліктің құны нарықтық құн мөлшерінде және бағалаушы бағалау жүргізілген күні айқындайды.

2022 жылғы 27 сәуірде Алматы ӘКК Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінен «Инвестициялық болып табылмайтын жобаларға жер учаскелерін алуға өтінімдер беру практикасын тоқтату және тиісті шарттар жасасу қажеттігі туралы» ескерту хабарламасын алды, оған жоғарыда көрсетілген жер учаскесі де кіреді. Осыған байланысты Алматы ӘКК арқылы жобаны одан әрі іске асыру тоқтатылды.