Алматыдағы сайлау учаскелері 100 пайыз дайын

Алматыдағы сайлау учаскелері 100 пайыз дайын almaty-akshamy.kz

Алматыдағы барлық сайлау учаскелері 100 пайыз дайын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қалада 600 сайлау учаскесі құрылды, оның ішінде 69-ы азаматтардың уақытша тұратын орындарында, 531-і азаматтардың тұрақты тіркелген жерлерінде құрылды. 


Бүгінде Алматыда 1 миллион 176 мың сайлаушы бар. АСК төрайымының айтуынша, олар толықтай дайын, әрбір сайлаушының келуіне дайын. Сайлаудың тәртібі мен заңдылығының сақталуына сайлау учаскесінің төрағасы жауапты болады. 



«Дауыс беру күні сайлау учаскесінде комиссия, байқаушылар, сенім білдірілген адамдар және БАҚ өкілдері болады. Әрқайсында аккредиттеу нормасы бар. Сайлаушылар дауыс беру үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт сайлау учаскесі ғимаратында болады», - деді Ж.Асанова.



ӨКҚ спикері алматылықтар алдағы кезектен тыс президент сайлауында қалада тіркеуі бар-жоғына қарамастан дауыс бере алатынын еске салды. Сайлау күні әр ауданда арнайы учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді, онда дауыс беру үшін бір күнге тіркелуге болады. Келесі күні, яғни 21 қарашада жүйе сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тіркелген азаматтарды есептен шығарады.


Бұл ретте сайлаушылар дауыс беру күні сайлау учаскелерінде қызмет көрсетудің екі түрі болатынын ұмытпаған жөн.



«Біріншісі – сайлау учаскесі бойынша тіркеуде тұрған, бірақ өзін тізімнен таппаған сайлаушыларға арналған. Бізде тізімдер дауыс беруге 20 күн қалғанда шығарылады, 30 қазанда қағаз түрінде түсіріліп, сайлау учаскелеріне тапсырылды. Тізімдер учаскелерге  берілгеннен кейін өзгерістер болуы мүмкін, адам тіркеуін өзгертуі мүмкін, басқа аймақтан осында тіркелу үшін көшуі мүмкін, ол 18 жасқа толуы мүмкін немесе тегі мен аты өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда сіз осы сайлаушының тізімде бар-жоғын және оның дауыс беруі үшін оны тізімге енгізу туралы комиссияның шешімін тексеруге мүмкіндік беретін қызметті пайдалана аласыз. Бұл тізімдер шығарылып қойғаннан кейін тіркелгендер үшін», - деді Ж.Асанова.



Екіншіден, сайлау күні 55 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оларға Алматыда тіркеуі болмаған жағдайда дауыс беруге болады. ҚР басқа өңірлерінде тіркелген азаматтарға дауыс бере алмайды. Басқа өңірлердің азаматтары есептен шығу куәлігін алу керек.


Журналистердің сұрақтарына жауап берген Жанна Асанова сайлау учаскелерінің барлық мүшелері болуы мүмкін стандартты емес жағдайларға дайын болуы керектігін айтты. Егер сайлаушы сайлау учаскесіне итімен кіргісі келсе, онда үй жануарларын серуендету ережелерін есте сақтау қажет.


Жанна Асанова дауыс беру 20 қараша күні 20.00 кезінде аяқталады, одан кейін дауыс санау басталады. Дауыс беру қорытындысы хаттамасы толтырылып, ол жоғары тұратын комиссияға беріледі. 
Сонымен қатар, ол Алматыда сайлауда 43 халықаралық байқаушы бақылайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26