Алматыдағы сауда үйін тонауға қатысқан күдікті БҚО-да ұсталды

Алматыдағы сауда үйін тонауға қатысқан күдікті БҚО-да ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі тонауға қатысы бар күдікті Батыс Қазақстан облысында ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның көлігін тінту кезінде полицейлер 23 ұялы телефонды тапты. Ресейлік есепте тұрған ВАЗ-2110 автокөлігі рейд кезінде тоқтатылды. Полицейлерде болған жедел ақпарат бойынша, 5 қаңтарда Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде осы көліктің жүргізушісі “Мәскеу” сауда үйін тонауға қатысқан.

Ол 31 ұялы телефонды, 3 ноутбукты және 3 планшетті ашық түрде ұрлаған. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.