Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығына «мина қойылған»

Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығына «мина қойылған»
Сурет: Smotrim.ru

Ақпарат жалған болып шықты. 

Белгісіз біреулер «MOSKVA Metropolitan» сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат таратқан. Полиция департаментіне бұл ақпарат сағат 10:04-те түскен. Тексеру барысында ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elitar.kz сілтеме жасап. 

Полиция мамандары «жарылғыш зат қойылды» деген ақпаратты ала салып, сауда орталығындағы халықты эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Арнайы шара нәтижесінде «жарылғыш зат қойылды» деген ақпарат жалған болып шықты.