Алматыдағы пробация қызметі электрондық бақылау құралдарын пайдалана бастады

Алматыдағы пробация  қызметі электрондық  бақылау  құралдарын  пайдалана бастады
Сурет: Yvu.com.ua

46 электрондық бақылау  құралын  орнату  практикасы  қолданылуда. 

Пробация  қызметінде жұмыс істейтін алматылық мамандар алғаш рет оқшаулыққа байланысты емес  тұрған сотталғандарға 46 электрондық бақылау  құралын  орнату  практикасын  қолдана бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мамандардың айтуынша, ҚР ІІМ  15.08.2014 жылғы № 511 бұйрығының  139 - тармағына  сәйкес тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және бас бостандығын шектеу немесе шартты түрде сотталғандардың орналасқан жері туралы ақпарат  алу  үшін  пробация  қызметі электрондық  бақылау  құралдарын  пайдалануға  құқылы. 

«Осы бұйрыққа сәйкес, алғаш рет Алматы қаласы бойынша ҚАЖДепартаментінде   аудан аралық пробация қызмет бөлімініңде оқшаулыққа байланысты емес  тұрған сотталғандарға 46 электрондық бақылау  құралын  орнату  практикасы  қолданылуда»,- дейді Алматы қаласы ҚАЖ Департаменті пробация қызметінін бөлім бастығы, әділет подполковнигі  М.Зәкірбаев.