Алматыдағы опера және балет театрына жаңа басшы келді

Алматыдағы опера және балет театрына жаңа басшы келді
Сурет: Inform.kz

Бұл қызметке Нұрбақыт Бөкебаев келді.

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бөкебаев Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жайында министрліктің Instagram парақшасынан мәлім болды.

Нұрбақыт Бөкебаев 1963 жылы дүниеге келген.

Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжін, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын, Д.А. Қонаев атындағы университеттің заң факультетін тәмамдаған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «мәдениеттану» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «мәдениеттану» мамандығы бойынша философия докторы.

1991-1993 жылдары – «Қазақконцертте» концерттік ұжымдардың әкімшісі, жетекшісі;

1993-1996 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігінің бас маманы;

1996-1998 жылдары – Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің және Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының оқытушысы;

1998-2000 жылдары – Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының проректоры;

2000-2004 жылдары – Алматы қаласы, Бостандық ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы;

2004-2005 жылдары - Қазақстан Халықтарының кіші ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі;

2005-2008 жылдары - Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы;

2008 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының ұйымдастырушылық-партиялық жұмыстарының меңгерушісі;

2008-2010 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өнер басқармасының бастығы;

2010-2012 жылдары – Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының орынбасары;

2012-2016 жылдары – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры директорының бірінші орынбасары;

2016 жылдан «Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК директоры.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QR Mádenıet, sport mınıstrlіgі (@msm.govrk)