Алматыдағы мурал қалпына келтірілді

Алматыдағы мурал қалпына келтірілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Оны бояп тастаған еді.

Алматыда бұрын боялған «Ожидание» муралы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сейфуллин даңғылы, 565 мекенжайындағы үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары аясында мердігер компания – «Орион» ЖШС 21-28 қазан аралығында үйдің қасбетінде «Ожидание» муралын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Жұмысты мурал авторларының қадағалауымен мердігер компания өз қаражаты есебінен жүргізді», - деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

«Ожидание» муралы 2019 жылы MURAL FEST IV Халықаралық монументалды өнер фестивалі аясында жасалған. Туындының авторлары – суретшілер Сәуле Сүлейменова мен Қуаныш Базарғалиев.

Еске салайық, бұған дейін Алматы орталығындағы танымал муралдардың бірі өшірілгені белгілі болған еді.