Алматыдағы мамандар құрылыс базарындағы өртті сөндірді

Алматыдағы мамандар құрылыс базарындағы өртті сөндірді
Сурет: Facebook.com

80 шаршы метр жер өртенді.

Алматыда «Бақорда» сауда үйінде бутиктер өртенді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сауда бутиктерінде 80 шаршы метр жер өртенді.

«Бүгін сағат 13:56-да Алатау ауданы, Ырысты көшесі, 46/2А мекенжайы бойынша құрылыс тауарларын сататын сауда бутиктерінде ауданы 80 шаршы метр жер өртенді. Ол 5 минуттың ішінде ауыздықталып, сағат 14:25-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған жедел шаралар өрттің «Бақорда» сауда үйіне таралуына жол бермеді», - деп хабарлады қалалық ТЖД-да.

Болған өрттің видеосы желіде тарады.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????????????????????_???????????????????????? (@krispi_almaty)