Алматыдағы МӘМС жүйесіне жыл басынан бері 398 млрд теңгеден астам қаржы түсті

Алматыдағы МӘМС жүйесіне жыл басынан бері 398 млрд теңгеден астам қаржы түсті
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ол Қор 2017 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыруға қаражат жинақтап келе жатқанын, ал 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде, сондай-ақ 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмекті стратегиялық сатып алушы екенін еске салды.

«2022 жылдың 5 айында МӘМС жүйесіне түсімдер 398,4 млрд теңгені құрады. Түсімдердің негізгі үлесін 15 жеңілдік санаты үшін мемлекеттің жарналары құрайды - бұл 42%-дан астам, жұмыс берушілердің аударымдары - 34,7%-дан астам және экономикалық белсенді халықтың жарналары - 22,6%», - деп атап өтті Т. Әбілдаев.

Өңірлер бойынша ең көп кірістер Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

Спикер МӘМС-тің енгізілуімен тұрғындар үшін консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігі артқанын баса айтты.
 
Мегаполис тұрғындарына арнаған сөзінде Т.Әбілдаев медициналық ұйымдар тарапынан құқық бұзылған жағдайда кез келген қала тұрғыны пайдалана алатын кері байланыс арналарын атады. Атап айтқанда, Qoldau24/7 мобильді қосымшасы, 1406 бірыңғай байланыс орталығы және ресми сайт fms.kz. барлық өтініштер міндетті түрде қарастырылады.