Алматыдағы конференцияда демография мәселесі талқыланды

Алматыдағы конференцияда демография мәселесі талқыланды
Сурет: ашық дереккөз

 Қазіргі заманғы демографиялық міндеттер мен ұлттық мүдде мәселесі бүгін Алматыда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды,-деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ғалымдар экономика және демография саласындағы өз тәжірибелерімен және зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Қазақстанның демографиялық тұрақтылығы, адами ресурсты дамыту, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және этно-мәдени факторлардың қала мен ауыл тіршілігіне әсері жан-жақты айтылды. Конференцияға мемлекеттік органдардың, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.

 - Халық санына байланысты экономика қалай дамуы керек, қай регионда, қай жерде қандай кәсіпорын ашуымыз керек, ол адам санына байланысты. Мысалы біздің Қазақстанда 9 регион, халық саны жетіспейді, жұмыс күші жеттіспейтін региондар жатысып жатыр. Кейбір региондарда жұмыс орны жетіспейді. Үкіметке, парламентке демографиялық мәселе бойынша өз ұсыныстарымызды береміз,-дейді экономика институтының бас директоры, ҰҒА академигі Әзімхан Сатыбалды.