Алматыдағы көлік бағыты ұлғаяды

Алматыдағы  көлік бағыты ұлғаяды Сурет: Almaty-akshamy

Қолданыстағы маршруттардың сызбасына өзгерістер енгізілді.


Алматы мәслихатының ағымдағы жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі XXX сессиясы барысында қаладағы қоғамдық көлік мәселесі сөз болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бүгінгі күні қаламыздың қоғамдық көлік жүйесі 158 бағыттық желіден тұрады. Өздеріңізге мәлім, қоғамдық көлікте жүру құны 80 тенге. Қоғамдық көліктің шынайы есептік құны бекітілген тарифтен әлдеқайда жоғары, шамамен орта есеппен 300 тенгені құрайды. Сол себепті барлық маршруттар әлеуметтік маңызы бар деп танылған», - деді Алматы қаласы қалалық ұтқырлық басқармасы басшысының м.а. Ернұр Әбжахан.



Оның айтуынша, ҚР «Автомобиль көлігі туралы» заңының 14-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындайды.



«Бұған дейін 2020 жылдың 18 наурызында бағыттардың тізімі бекітілген болатын. Жолаушылардың қажеттілігіне және қалаға қосылған аудандарды қамтудың ұлғаюына байланысты жаңа бағыттар ұйымдастырылып, қолданыстағы маршруттардың сызбасына өзгерістер енгізілді.Осыған байланысты, Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау мақсатында сіздерге 161 бағыттан тұратын тізбені бекіту үшін шешімінің жобасы енгізілді», - деді Ернұр Әбжахан.  


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55