Алматының кейбір жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды

Алматының кейбір жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды
Сурет: Pikabu.ru

Ауа райына байланысты кейінге қалдырылды.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мамандары Бөкин және Кекілбайұлы көшелерінің қиылысындағы жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Алматының Бостандық ауданында бұдан бұрын жоспарланған жөндеу жұмыстары, яғни Әбіш Кекілбайұлы және Бокин көшелерінің қиылысыдағы жөндеу жұмыстары жауын-шашын салдарынан кейінге қалдырылды. Жұмыс қай уақытта басталатыны туралы қосымша ақпарат жіберілетін болады. Кешірім сұраймыз!» -  деп хабарлады мамандар.