Алматыдағы Қастеев мұражайында жәрмеңке өтті

Алматыдағы Қастеев мұражайында жәрмеңке өтті Сурет: Almaty.tv

150-ден аса шебер қатысты


Алматыда өткен Халықаралық қолөнершілер форумы аясында бүгін Қастеев мұражайында жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден аса шебер қатысты. Ұсынылған өнімдердің қатарында керамика, киіз, тоқыма, зергерлік өнер, жібек шаруашылығы және басқа да қолөнер түрлері бар. Жәрмеңкеге келген қала тұрғындары осындай іс-шаралардың көбейгені дұрыс дейді. Қолөнершілер ұлттық нақыштағы өнімдерді халыққа ұсынып қана қоймай, суреттер мен әшекей-бұйымдардың ұлт өміріндегі мән-мағынасын түсіндіруге күш салды.



«Кешегі өткен форумнан бүгін үлкен жәрмеңке болып жатыр. Бүкіл жер, дүниежүзінен қазақтың қолөнершілері келді. Өзіміз отбасымызбен өнерлі адамбыз. Бүгін міне, сол жұмысымызды көрсетіп отырмыз. Өзіміздің қолымыздан шыққан жұмысымызды әкелдік», – деді қолөнерші Анаргүл Нарботанова.



«Кәдесый алып кеткен адам ертең оған қарап, оған еске салып отырады. Оның қайта бұл елге қайтып келуіне септігін тигізеді деген сияқты. Сондықтан біз қолөнерді туристік өнімнің бір бөлігі деп санаймыз. Бұл шараға 10 елден түрлі эксперт, бірақ одан маңыздысы – еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам шебер қатысып отыр», – деді  ұйымдастырушы компанияның басқарушы директоры Даниель Сержанұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03