Алматыдағы индустриялық аймақта шешімін таппаған түйткіл көп

Алматыдағы индустриялық аймақта шешімін таппаған түйткіл көп
Сурет: Primeminister.kz

Алматыдағы индустриялық аймақта инфрақұрылым дұрыс дамымаған.

Мәселен, ірі кәсіпорындарға теміржол әлі тартылмаған. Бұл жағдай мұнай-газ құбырларын шығару бойынша халықаралық жобаға кері әсерін тигізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ аймақта геологиялық түйткілдер бар, жердің құрамы әр түрлі. Сол себепті құрылыс жүргізу қиын. Аталмыш мәселелер Мәжіліс депутатының кәсіпорындарға барған сапары кезінде көтерілді. Атап айтсақ, бүгінде Алматыдағы индустриялық аймақта 19 мекеме жұмыс істейді. Оның инфрақұрылымына бюджеттен 31 миллиард теңге жұмсалған. Дегенмен кәсіпкерлер жоғарыда аталған қиындықтарға қарамастан, аталмыш өндіріс орындарынан 2015 жылдан бері 127 миллиард теңге табыс тапқан.

«Осындай өзін-өзі ақтайтын мекемелер ашылса, онда Қазақстан дамиды, жағдай дұрысталады. Алматы қаласында қаншама колледж бар. Студенттерді осы жерге әкеліп, тәжірибеден өткізу керек», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сырым Адамбаев.