Алматыдағы физика-математика бағытындағы мектеп түлегі АҚШ тұрғындарын домбырамен тамсандырды

Алматыдағы физика-математика бағытындағы мектеп түлегі АҚШ тұрғындарын домбырамен тамсандырды
Сурет: Baq.kz

Бұл іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылды.

Алматыдағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектеп түлегі Аман мырзаның домбыра тартып отырған видеоролигі Нью-Йорк қаласы әкімінің ресми инста-парақшасына жүктелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

Көк Туымызды желбіретіп, ұлттық аспабымыз – домбыра тартып, мәдениетімізбен барша Нью-Йорк тұрғындарын тамсандырған зияткер биыл мектепті аяқтап, АҚШ-тың Purdue университетіне Бизнес-аналитика және ақпаратты басқару мамандығына оқуға түскен болатын.