Алматыдағы екінші жылу электр орталығы 2026 жылдың соңында газға ауыстырылады

Алматыдағы екінші жылу электр орталығы 2026 жылдың соңында газға ауыстырылады Сурет: ашық дереккөз

Жылу электр орталығын газға ауыстырудың бірінші кезеңінде залалды шығарындылар көлемін 35 мың тоннадан 23 мың тоннаға дейін, 2026 жылы толық іске асыру кезінде – 2,7 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы экология мәселесін жіті назарда ұстайды. Былтыр Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген Президент алматылықтарды қаладағы ауаның ластануы қатты алаңдатып отырғанынан хабардар екенін жеткізген еді.


Оның айтуынша, жыл сайын атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтың көлемі 125 мың тоннаға жуықтайды.


Ауаны негізінен автокөліктер, қалалық жылу электр станциялары, өнеркәсіп кәсіпорындары және газ тартылмаған жер үйлер ластайды.


Мегаполисте ауаның таза болуына тығыз әрі ретсіз салынған ғимараттар да кедергі келтіріп тұр.


Мемлекет басшысы әкімдікке өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауын қатаң қадағалауды тапсырып, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 орталықтарын газға көшіру арқылы зиянды қалдықтарды он еседен астам төмендетуге болатынын айтқан еді.


Бүгінде мегаполистегі ауаның ластануының негізгі себептерінің бірі ЖЭО-2 болып табылады, мамандардың бағалауы бойынша залалды шығарындылардың 30%-на дейін оған тиесілі.


Осы жылдың мамыр айында Ерболат Досаев «Самұрық-Энерго» АҚ, «Qazaqgaz ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Алатау жарық компаниясы» АҚ басшыларымен жоғарыда аталған мәселеге қатысты кездескен болатын.


Кездесу барысында тараптар мегаполистің энергокешенін дамыту перспективаларын, оның ішінде ЖЭО-2 газға ауыстыру, жылу магистральдарын, электр желілерін жаңғырту, Алматы агломерациясының тұрғын алаптарын одан әрі газдандыру, қоғамдық көлікке арналған газ құю станцияларын салу мәселелерін талқылады.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірінші кезеңді 2024 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығы мерзімінде үлгеруге дайын екендігін айтты.


Жалпы, ЖЭО-2-ні газға ауыстыру бірінші кезеңді іске қосу кезінде залалды шығарындылар санын – 35 мың тоннадан 23 мың тоннаға дейін, 2026 жылы толық іске асыру кезінде – 2,7 мың тоннаға дейін (жалпы 12 еседен астам) төмендетуге мүмкіндік береді.


Биыл ЖЭО-2 жаңа газ станциясын жобалау және салу бойынша мердігер айқындалатын болады.


Электр энергетикалық холдингтің мәліметінше, ашық халықаралық тендердің бірінші кезеңі барысында 6 өтінім келіп түсті.


Оның ішінде екінші, қорытынды кезеңге 2 компания өтті.


Тендердің жеңімпазы осы жылдың екінші тоқсанында анықталады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2023 жылдың тамызына болжанып отыр.


Ал ЖЭО-2-нің газға толық көшіру 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады.


Аталған жоба Үкімет бекіткен Жол картасы аясында жүзеге асырылып жатыр және Алматы қаласында көмірден жылу және электр энергиясын өндіруді тоқтатуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар қаланың қоршаған ортасына шығарындыларды айтарлықтай қысқартады.


Қазір қалада магистральдық газ құбырлары бар, бірақ халық әлі толық қосылмаған.


Ерболат Досаевтың сөзінше, 2023-2024 жылдар аралығында қала толықтай газға көшеді. Қазір Алматыда газ тарту деңгейі 99,2%.


Шын мәнінде, көмірді пайдалану көлемі өте төмен, көмір базаларын негізінен Алматы облысының тұрғындары пайдаланады.


Алматы облысының әкімдігі ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті газбен қамтамасыз ету үшін Қарасай ауданында 612 жер телімін сатып алмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04