Алматыдағы Достық үйінде Наурыз мейрамы тойланды

Алматыдағы Достық үйінде Наурыз мейрамы тойланды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Іс-шараға әр ұлттың мәдени орталығы қатысты.

Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күнін тойлауда Алматыдағы Достық үйі де қалыспады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 

Іс-шараға әр ұлттың мәдени орталығы қатысты. Мереке аясында  ұлттық спорт түрлері бойынша жарыс өткізіліп, тағамдар фестивалі ұйымдастырылды. Ал арнайы дайындалған «Наурыз» концерттік бағдарламасы келген көпшілікті қуанышқа бөлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Наурыз мейрамы – Қазақстанда өмір сүріп жатқан этностардың ұйытқысы. Бүгінгі мейрам бір-бірімізді қосып, қазақстандықтарды алға бастайды. Жаңа жыл қазақ жерінде бақыт әкелсін! Қазақстанның аспаны әр уақытта бүгінгідей ашық болсын», – деді Ұлттық құрылтайдың мүшесі Шаймардан Нұрымов.