Алматыдағы азаптау камералары туралы ақпаратты ІІМ жоққа шығарды

Алматыдағы азаптау камералары туралы ақпаратты ІІМ жоққа шығарды
Сурет: АиФ

Ақпарат кеңістігінде тергеу изоляторларындағы азаптаулар туралы ақпараттар тарап кетті.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы аталған деректің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов желіде тараған Алматыда азаптау камералары құрылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазіргі уақытта ақпарат кеңістігінде тергеу изоляторларындағы азаптаулар туралы жалған ақпараттар жаппай тарауда. Біз олардың шындыққа сәйкес келмейтінін, жұртшылықты адастырып, болып жатқан оқиғаларды бұрмалайтынын жауапкершілікпен мәлімдейміз. Алматыдағы тергеу изоляторында ортағасырлық инквизиция үлгісінде азаптау камералары жасалғаны туралы жалған хабар тарауда. Мен мұндай нәрсе жоқ және болуы мүмкін емес деп айтқым келеді», – деді спикер.