Алматыдағы «Алтын орда» базары маңайы абаттандырылады

Алматыдағы «Алтын орда» базары маңайы абаттандырылады
stkrazvitie.ru

Алматыда «Алтын орда» базары маңындағы автожол асфальтталады

Алматыда «Алтын орда» базары маңындағы тасжолға асфальт төселеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Қазавтожол» «ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Алматы - Бішкек тас жолының 16-дан 19-шақырымына дейінгі аралықтағы үстіңгі қабатына асфальт төселеді. Нақты мерзім мемлекеттік сараптама нәтижесінде анықталады.

«Мамандар асфальт төсемес бұрын жол бойына тротуар салып, жерасты өткелдерінің шатырын жабады және оны бояйды. Сонымен қатар қоршау орнатып, жол таңбасын сызады»,- деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.

Автожол учаскесінде басты магистральдық эстакада, «таға» үлгісіндегі бұрылыс эстакадасы, Ақсай өзені арқылы өтетін көпір және жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі салынды.