Алматыдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 45 адам тегін курстан өтті

Алматыдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 45 адам тегін курстан өтті
Сурет: Дереккөз

Олар өз ісін ашуға, қосымша табыс табуға мүмкіндік алды

Алматыдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 45 адам киім пішу және мата тігу бойынша тегін курстан өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Қолөнершілер бір ай бойы оқып, өз ісін ашуға және қосымша табыс табуға мүмкіндік алған. Қатысушылар алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрса деген ниет білдірді.

«Біз әр ана болашақта қайтарымсыз грантқа ие болса дейміз. Бізде 2 бағдарлама бар. Біріншісі, 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант алуға болады. Ал «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін қаражат алу мүмкіндігі бар», – деді Алатау ауданы «Бақытты отбасы» аналарды қолдау орталығының жетекшісі Ақмарал Басирова.