Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылады

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылады
Сурет: Ашық дереккөз

«Winter Run 2023» қысқы жарысы өтеді

Алматыда 19 ақпанда жыл сайынғы «Winter Run 2023» қысқы жарысы өтеді. Осыған байланысты сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жүгіру жарысы өтетін жерлерде қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіру жарысы «Нұрлы тау» бизнес-орталығынан басталады.

Қатысушылар әл-Фараби даңғылымен Гагарин көшесіне дейін жүгіріп, «Нұрлы тауға» дейін кері бұрылады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Меңдіқұлов көшесінен әл-Фараби даңғылының бойындағы тоннельге кіру сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жол қозғалысы шектеледі.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық және бос болады.

Деректер жүгіру жарысына қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді.