Алматыдағы №41 автобустың маршруты ұзартылды

Алматыдағы №41 автобустың маршруты ұзартылды
Сурет: Almaty.tv

Енді бұл автобус "Гүлдала" шағынауданына дейін барады.

Алматы қаласының Көлік холдингі қала тұрғындарының өтініші бойынша 22 шілдеден бастап №41 автобустың маршруты "Гүлдала" шағынауданына дейін ұзартылғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Енді бұл маршрут Жақұт көшесінен Құлжа тас жолына қарай оңға бұрылып, содан кейін Бұқтырма көшесіне қарай тағы да оңға бұрылады. Айналма жол арқылы Құлжа жолына қайта түсіп, Уәлиханов көшесінің бойымен әл-Фараби көшесіне дейін барады. Сол жерден кері бұрылып, Уәлиханов көшесінің бойымен кері бағытта - Құлжа жолымен - Жақұт көшесімен, әрі қарай схема бойынша жүреді»,- делінген холдинг хабарламасында.