Қаланың коммуналдық қызметтері  жауын салдарын жоюмен айналысып жатыр

Қаланың коммуналдық қызметтері  жауын салдарын жоюмен айналысып жатыр
nur.kz

Алматыдағы 22 мамыр күнгі су тасқыны бойынша ақпарат

Қаланың коммуналдық қызметтері қатты жел мен жауын салдарынан болған апат салдарын жоюмен айналысып жатыр деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қаланың коммуналдық қызметтеріне екпінді жел мен қатты жаңбырдың салдарынан болған  бес су басу және ағаштардың құлауы туралы екі  хабарлама келіп түскен.

Қазіргі кезде қаланың коммуналдық қызметтері апат салдарын жоюмен айналысып жатыр. Оған барлығы 40 арнайы техника мен 120-дан астам жұмысшы жұмылдырылуда.