Алматыдағы №201, 205 автобустың бағыты өзгерді

Алматыдағы №201, 205  автобустың бағыты өзгерді
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы қаласының Көлік холдингі Төле би көшесіндегі жылу желілерін қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №201, 205  бағыттарының бұған дейін өзгертілген қозғалыс сызбасына жолаушылар мен қызмет көрсетуші компанияның сұранысы бойынша қосымша өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

10 маусымнан бастап олар уақытша келесі сызба бойынша жүретін болады:

№ 201 – Шығыс бағытта – Төле би көшесі – Қонаев к-сі - Қабанбай батыр к-сі - Достық даңғ. - Төле би к-сі – әрі қарай сызба бойынша. Батыс бағытта – Төле би к-сі – Достық даңғ. – Бөгенбай батыр к-сі – Қонаев к-сі – Төле би к-сі – әрі қарай сызба бойынша;

No 205 – Шығыс бағытта – Төле би көшесі –  Қонаев к-сі - Қабанбай батыр к-сі - Достық даңғ. - Төле би к-сі – әрі қарай сызба бойынша. Батыс бағытта – Төле би к-сі – Достық даңғ. – Бөгенбай батыр к-сі – Қонаев к-сі – Төле би көшесі – әрі қарай сызба бойынша.