Алматыдағы №2 мамандандырылған ХҚО басқа ғимаратқа көшті

Алматыдағы №2 мамандандырылған ХҚО басқа ғимаратқа көшті сурет: 365info.kz

29 мамырда ХҚО жұмысын әдеттегі режиммен жаңа мекенжайда жалғастырады.


27 мамырда Алматыдағы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға көшті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Енді азаматтарға жайлы болу үшін және сапалы қызмет көрсету үшін ол Майлин көшесі, 240 а мекенжайындағы «Allur авто» ғимаратында орналасады. Бұған дейін мамандандырылған ХҚО Майлин көшесі, 85 мекенжайында болатын.



«Дүйсенбі, 29 мамырда, мамандандырылған ХҚО жұмысын әдеттегі режиммен жаңа мекенжайда жалғастырады», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Алматы бөлімшесінің баспасөз қызметі.



Алматы тұрғындары 4 мекенжайдағы мамандандырылған ХҚКО-на мемлекеттік қызметтерді алу үшін бара алады:


"Саялы" ықшамауданы, Аққайнар, 1 көшесіндегі №1 мамандандырылған ХҚКО;


Майлин көшесі, 240 а мекенжайындағы № 2 мамандандырылған ХҚКО;


Түрксіб ауданы, "Қайрат" ықшамауданы, Құлжа тас жолының 9-шақырымы мекенжайындағы №5 мамандандырылған ХҚКО;


"Кемел" ықшамауданы, Ақсуат көшесі, 118 мекенжайындағы №6 мамандандырылған ХҚКО.



Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Автокөліктерді заңдастыруға байланысты сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.



Мекеме қызметкерлері қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болатынын еске салды. Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға, @kenes1414Bot Telegram-ботына жүгінуге және әлеуметтік желілер арқылы ақпарат алуға болады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56