Алматыдағы №2 емханада ашық есік күні өтті

Алматыдағы №2 емханада ашық есік күні өтті
сурет: Almaty.tv

Негізгі мақсат – қатерлі ісік пен туберкулездің алдын алу

Бүгін Алматының Думан шағынауданына қарасты №2 емханада ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Негізгі мақсат – қатерлі ісік пен туберкулездің алдын алу. Іс-шарада онколог, онкодерматолог, онкогинеколог секілді мамандар тұрғындарды тегін қабылдады. Дәрігерлердің айтуынша, обыр ауруы неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым сауығу ықтималдылығы жоғары болады. Сондай-ақ, туберулездің алдын алу үшін арнайы жылжымалы флюрография көлігі алдырылды.

 «Бұл – ықшамаудан халықтың ең көп шоғырланған жері. Туберкулез ауруы басқа емханаларға қарағанда осы емханада көп тіркелген. Туберкулез ауруы өздеріңіз білетіндей жұқпалы ауруға жатады», – деді қалалық №2 емхананың балалар фтизиаторы Әлия Әшімханова.

«Мен өзім кардиологка кіріп шықтым. Қабылдауы сондай жақсы. Жақсы ілтипатпен қабылдап жатыр. Көпбалалы аналар, жағдайы төмен отбасылар бар. Оларға да көмегін тигізеді. Керек болса өздері барып көмектеседі», – деді қала тұрғыны Мейрамгүл Мысақұлова.